Алматы қаласы Мемлекеттік архивіне Қытай Халық Республикасының Чэнду Қалалық архивінің директоры Лю И және Чэнду қалалық архивінің құжаттарды сақтау бөлімінің бастығы Фан Пу достық сапарымен келді.

Бүгін Алматы қаласы Мемлекеттік архивіне Қытай Халық Республикасының Чэнду Қалалық архивінің директоры Лю И және Чэнду қалалық архивінің құжаттарды сақтау бөлімінің бастығы Фан Пу достық сапарымен келді. Чэнду қаласы Сычуань провинциясының мәдени-тарихи орталығы және Батыс Қытайдың көлік-логистикалық орталығы болып табылады. Чэнду қалалық мұрағаты Қытайдағы ең үлкен 20 мұрағаттың бірі болып табылады және оның коллекциясындағы ең көне құжат 1774 жылдан басталады.
Кездесу барысында Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің директоры А.К. Ботанов пен Қытай Халық Республикасы Сычуань провинциясынан келген қонақтармен екі елдің архивтер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік архивтерімен тығыз байланыс орнату жайлы сөз етілді.
Келген қонақтарға Алматы қаласының архиві туралы ақпарат беріліп, архив ғимараты мен құжат қоймаларына экскурсия ұйымдастырылып, қонақтар архив оқу залының жұмысымен, сонымен қатар архивтік құжаттарды цифрландыру және қалпына келтіру процестерімен танысты.
Болашақтағы мақсат: екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, мүмкін болатын жобаларды бірлесіп жүзеге асыру. Сондай-ақ Қазақстандық архившілерінің біліктілігін арттыру курстарына қатысуға, архив құжаттарын цифрландыру жұмысы бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалу керектігі айтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *