Ашық есік күні
Ашық есік күнінің екінші ауысымына Физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің және 200 мектеп- гимназияның оқушылары өз жетекшілерімен қатысты. Кездесу барысында оқушылар екі топқа бөлініп, алдын-ала дайындалған архив туралы викторина сұрақтарына жауап берді. Оқушыларды архив қызметімен таныстыру мақсатында, архив қоймаларын аралатып экскурсия жүргізілді.