«Бірлік пен келісім жолында 30 жыл» «30 лет во имя единства и согласия»

Бүгін Алматы қаласының Мемлекеттік архиві, Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйі және “Жетісу күші” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне арналған “Бірлік пен келісім жолында 30 жыл” атты салтанатты шара өтті. Бұл маңызды жиын еліміздің ынтымағы мен этномәдени саналуандығын дәріптеуге бағытталды. Тарих пен мәдениетті тоғыстырған ерекше шара іс-шара аясында қонақтар мен қатысушылар “Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы Алматы қаласының Мемлекеттік архивінің құжаттарында” атты интерактивті көрмені тамашалады. LED экрандар арқылы көрсетілген көрме Ассамблеяның өткені мен бүгінін айқындайтын маңызды архивтік құжаттардан құралды. Мерекелік жиында еліміздегі түрлі этностардың мәдениеті мен өнері насихатталған мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Көпұлтты Қазақстанның татулығы мен бірлігін бейнелейтін ұлттық билер, музыкалық қойылымдар мен дәстүрлі өнер көрсетілді. Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, дипломатиялық миссия басшылары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Олардың қатарында: • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы Аренова Алмаша Арыстанқызы • Алматы қалас Мәдениет басқармасының өкілі Оразова Мария Тұрмұхаметқызы • Алматы қаласының Мемлекеттік архивінің директоры Ботанов Абзал Қабдолбаритұлы • Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Альтекова Нұрсауле Абдиқадирқызы • Құдайберген Жұбанов атындағы университетінің президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Жалаири Өмірәлі Шакарапұлы • Генерал-майор, Қазақстан Офицерлер одағының Төрағасы Махмұт Өтегенұлы Телегусов • Қазақстан Республикасының “Наири” армян мәдени орталықтары қауымдастығының құрметті төрағасы Артуш Карапетян • Қазақстан ұйғырларының Республикалық мәдени орталығының төрағасы Долкунтай Абдухалил • “Мицва” Қазақстан еврей ұлттық ұйымдары қауымдастығының төрағасы Александр Барон • Республикалық академиялық корей театрының көркемдік жетекшісі Ни Любовь • Дипломатиялық корпустың өкілдері • Этномәдени орталықтары Алматы қаласындағы дипломатиялық корпус атынан Қытай Республикасының Бас консулдығының басшысы Цзян Вэй ханым арнайы құттықтау сөз сөйледі. Форумға қатысқан консулдар: • Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй ханым •. Корей Республикасының Бас консулы Пак Нэчхон мырза • Қырғыз Республикасының Бас консулы Асанкулов Женишбек мырза • Литва Республикасының Бас консулы Гвидас Керушаускас мырза • Түрік Республикасының Бас консулы Эврен Мудеррисоглу • Өзбекстан Республикасының Бас консулы Матчанов Раушанбек мырза • Франция Республикасының Бас консулы Фабрис Нёве мырза • Түрікменстан Республикасының Бас консулы Ямщиков Мырат мырза • Әзербайжан Республикасының Бас консулы Анар Гусейнзаде мырза Бұл форум Қазақстан халқының достығы мен бірлігін, этностар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды. Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойымен және Алғыс айту күнімен тұспа-тұс өткен бұл іс-шара көпұлтты Қазақстан халқының татулығы мен келісімін тағы бір мәрте дәлелдеп, бейбітшілік пен бірлік жолында жаңа серпін берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *