«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы түсетін адвокаттық сұранымдарды қарау тәртібі»

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын және мемлекеттік қызметтерді алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында, бүгін 2024 жылы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Алматы қаласы Мәдениет басқармасымен бірлесіп, «Алматы қаласының Мемлекеттік архиві» ҚММ базасында мемлекеттік архивтер көрсететін мемлекеттік қызметтерге жүргізілген мониторинг қорытындысының негізінде «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы түсетін адвокаттық сұранымдарды қарау тәртібі» семинары өтті.
Модератор: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті басшысының орынбасары Қарсақбаева Гульзира Елибайқызы.
Семинардың жұмысына Алматы қаласы әкімі аппаратының, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, Алматы қаласы Әділет департаментінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер жөніндегі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, Алматы қаласының Адвокаттар коллегиясының және Алматы қаласының Нотариалды палатасының өкілдері қатысты.
Диалогтық алаңда «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы түсетін адвокаттар мен нотариустардың әлеуметтік-құқықтық сипаттағы архивтік анықтамаларды беру жөніндегі сұранымдарын орындау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманың талаптарын орындау мәселелері талқыланды. Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті басшысының орынбасары Қарсақбаева Гульзира Елибайқызы мен Мемлекеттік саясат және құқықтық реттеу басқармасының басшысы Тащанова Салтанат Нұртасқызы адвокаттарға, сондай-ақ мемлекеттік архивтердің қызметкерлеріне мемлекеттік қызметтерге жататын сұранымдарды қарау рәсіміне қатысты ұсынымдармен бірге, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *