Жадымызда қалған жайсандар

Бүгін 2023 жылдың 26 мамырында Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің №493 қор құрушысы, Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, театр тарланы Сейтметов Райымбек Ноғайбайұлының 85-жылдығына арналған «Жадымызда қалған жайсандар» атты еске алу кеші өтті.
Кештің қонақтары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында бірге қызмет атқарған замандастары мен көзкөрген әріптестері: Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі — Қазақбаева Гүлжамал Мұқажанқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актирса — Қалиолдина Райхан Нәбиолдақызы, Кино және театр актері — Әбдірешов Еркін Сәулеұлы, актер, “Құрмет” орденінің иегері — Сейтімбет Үсіпхан Әбдікерімұлы. Әріптестері Райымбек Ноғайбайұлының шығармашылық ғұмыры жайлы естеліктерімен бөлісті. Қор құрушының құжаттары негізінде көрме қойылды.
Іс-шара барысында архив директоры Абзал Қабдолбаритұлы тұрақты сақтаудағы құжаттардың жай-күйіне тоқталса, қызметкерлер қоймаларға экскурсия жасады. Еске алу барысында естеліктермен қатар, Үсіпхан Әбдікерімұлының орындауындағы әндер архивті әсем әуенмен тербеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *