Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев

Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медальсыйлығының иегері, екі дүркін «Елім менің» атты Президент бәйгесінің бас жүлдегері, «Жыл Адамы – Алтын адам», «Платина Тарлан» сыйлықтарының иегері, «Халықтыңсүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласының Мемлекеттік архив қорқұрушысы Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев 1946 жылы 15сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш станциясында өмірге келді.
Көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев – төл мәдениетімізді дамытуға елеулі үлес қосқан біртуар тұлға.Ақын ұлт санасын сергіткен асқақ рухты жырларымен қазақ әдебиетінің көкжиегін кеңейтті. Ақиық ақын өзі шексіз сүйген туған елінеғана емес, бауырлас халықтардың бірлігін, түркі жұртының тұтастығын дәріптеді.