Ұлттық архив қорын аудиовизуалды құжаттармен толықтыру, сақтау және қолжетімділікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері
2023 жылы 18-19 мамырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің 80-жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық архив қорын аудиовизуалды құжаттармен толықтыру, сақтау және қолжетімділікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына өтті.
Конференцияда архив ісін дамытудағы тәжірибелерімен бөлісу мақтасында Польша, Белорусья, Ресей, Өзбекстан, және Қырғызстан елдерінен архив саласының мамандары бас қосты. Халықаралық конференция барысында бірқатар архив саласының ардагерлеріне «Архив саласының үздігі» төсбелгісі мен «Құрмет» грамоталары табыс етілді.
Іс-шара барысында «Архив қазынасы – ғасыр куәсі» көрмесі таныстырылып, «Уақыт естеліктерінің әрбір сәтін сақтаймыз… / И память времени вмгновения храним…» фотоальбомының тұсаукесері жасалды. Сонымен қатар, архив тарихы бойынша түсірілген «Дәуір дәптері» атты деректі фильм де қонақтардың назарына ұсынылды.
Конференцияға Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің директоры Абзал Кабдолбаритұлы Ботанов және Бас сарапшы Ләйла Қасымқызы, Бас қор сақтаушысы Кульбахыт Айтақынқызы, Жеке қорлар, аудиовизуалдыдық және суреттік құжаттарды жинақтау бөлімінің басшысы Айгерім Еркінқызы қатысты және «Сан жылдардан сыр сақтаған суреттер» атты тақырыпта баяндама жасады.