«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы»
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» Акционерлік Қоғамының Алматы филиалы стандарттау, метрология, өнімді сертификаттау, қызмет көрсету, менеджмент жүйелері, сынақтар, зертханааралық салыстырулар, көлік құралдарын техникалық тексеру, тауарлардың шығу тегін сараптау, зергерлік бұйымдарды сынау және клеймдеу саласындағы қызметтер кешенін жүзеге асыру болып табылады. Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қорын қалыптастырылатын жинақтау дереккөздер тізіміне 1994 жылы енгізіліп, осы уақытқа дейін архив іс және құжаттарды қамтамасыз ету саласындағы өзара ынтымақтастық пен қарым- қатынастар жүргізілуде.
2024 жылдың 03 мамырында Алматы қаласының Мемлекеттік архиві КММ-нің жоспарына сәйкес, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» Акционерлік Қоғамының Алматы филиалында ведомстволық және архивтердің құжаттарын жинақтау бөлімінің архивистері Ә.Тойлыбай, Б.Нурбекова «Ведомстволық сақтаудағы құжаттардың сақтауын қамтамасыз ету» тақырыбында өндірістік оқу өткізілді. Қоғам қызметкерлері өндірістік оқу барысында сұрақтар қойып, барлық сұрақтарға жауап алды. Оқу соңында қоғам қызметкері, архив қызметкерлеріне өткізілген өндірістік оқуға алғыс білдірді.

