2-курс студенттеріне архивтік – музейлік оқу практикасы өтті






Абай атындағы ҚазҰПУ мен Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы қаласының Мемлекеттік архиві» КММ арасындағы 2020 жылдың 15 желтоқсан айында қол қойылған «Өзара ынтымақтастық пен әрекеттесетін туралы меморандум» негізінде 27.05.2024 — 08.06.2024 ж. аралығында Тарих және құқық институтының 2-курс студенттеріне архивтік – музейлік оқу практикасы өтті. Тәжірбиеге келген студенттерге архив тарихы, оның міндеті мен жұмыс бағыттары туралы толық түсінік беріліп, архив қоймаларына экскурсия жасалды.