“Құдіретті қалам иесі” бұрышының салтанатты ашылуы

Бүгін Алматы қаласы Мемлекеттік архивінде жазушы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының және “Парасат”, “Құрмет” ордендерінің иегері Дүкенбай Досжанның құрметіне “Құдіретті қалам иесі” музей — бұрышының салтанатты ашылуы өтті.

Бұрыштың ашылу рәсімін Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ахетов Мамай Қаниұлы құттықтау сөзімен ашты. Сонымен қатар, Алматы қаласы Мәдениет бөлімінің меңгерушісі Халбеков Арман Бейсенбайұлы да кеш қонақтарын бұрыштың ашылу салтанатымен құттықтады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығынның иегері, ақын Иранбек Оразбаев және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Қорғаныс министрі Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев Дүкенбай Досжановтың құрметіне ашылған музей бұрышының тұсауын кесті.
Дүкенбай Досжановқа арналған іс-шарада ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Тынымбай Нұрмағанбетов сөз сөйлеп, “Алаш” халықаралық әдеби сыйлығының иегері, ақын Байбота Қошымноғай біртуар тұлғаның өмірі мен қызметі жайлы естеліктермен бөлісті. Сонымен қатар, «Қазақ әдебиеті» газетінің қызметкері, сыншы Сәкен Сыбанбай, жазушы, ф.ғ.д Әдебиет институтының бөлім меңгерушісі Нұрдаулет Ақыш, Қалалық тіл және ономастика бөлімінің қызметкері Нұрмұқа Шаймерген және Дүкенбай Досжанның қарындасы Ләйлә Досжан бұрыштың ашылу салтанатына орай құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Салтанатты кешке жиналғандарға Дүкенбай Досжанның жұбайы Сәуле Досжан алғысын білдірді.

Қаламгердің қолжазбаларын, марапаттарын, фотоальбомдарын, сыйлықтарын, кітаптары мен басқа да жеке заттарын жұбайы Сәуле Досжан Мемлекеттік архивке ресми түрде тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *