«Архив және болашақ ұрпақ»
2022 жылғы 26 тамыздағы Архив мекемелерімен республикалық кеңесі хаттамасының 4-тармағына және 2022 жылғы 5 қыркүйекте бекітілген «Архив және болашақ ұрпақ» жобасының тұжырымдамасына сәйкес, бүгін «Алматы қаласының Мемлекеттік архиві» КММ-де «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті.
«Архив және болашақ ұрпақ» жобасының мақсаты — өскелең ұрпақтың отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, архивтегі құжаттардың маңызын түсіндіру. Мұндай іс-шара республика көлемінде осымен үшінші жыл ұйымдастырылып келеді.
Ашық есік күні — мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу орындарының студенттері өз армандарына бір қадам жақындап, болашақта мамандық таңдаудағы мақсаттарын жүзеге асыру жолдарымен танысты.
Өткен Ашық есік күніне Алматы қаласы Алатау ауданының «№178 мамандандырылған лицей» КММ, Әуезов ауданының «№ 42 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «Шерхан Есенгелдин атындағы №104 орта мектеп» КММ, «Ахмет Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясы» КММ, «№113 мектеп-гимназиясы» КММ оқушылары, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері, “Жетісу күші” Қоғамдық қорының құрылтайшысы Әсия Әбитаева, “Шыңға өрлеу” әлеуметтік жобаның авторы Булат Абишев және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келді. Архивке келушілердің жалпы саны 145 адамды құрады.
Ашық есікке келген қонақтардың назарына архивтік құжаттар негізінде дайындалған көрме, «Архив тынысы» атты бейнежазбасы ұсынылып, «Архив әлеміне саяхат» атты Архив мекемесінің атқаратын жұмыстарымен таныстыру барысында архив қоймалары мен көрме залдарында экскурсия өткізілді.