«Ұйымдағы істер номенклатурасын құрастыру және оған қойылатын талаптар» тақырыбында өндірістік оқу

2023 жылдың 08 желтоқсан күні Алматы қаласының Мемлекеттік архиві КММ-нің жоспарына сәйкес «Алматы қаласының спорт құрылыстары дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ведомстволық және архивтердің құжаттарын жинақтау бөлімінің архивистері Б.Нурбекова, Ә.Тойлыбай «Ұйымдағы істер номенклатурасын құрастыру және оған қойылатын талаптар» тақырыбында өндірістік оқу өткізді. Серіктестіктің басты мақсаты Алматы қаласында Мұз айдындарының мүліктік кешенінің материалдық- техникалық базасын мамандырылған балалар-жасөспірімдер мектептеріне, Олимпиадалық резерв мектептеріне, жоғары спорт шеберлігі мектептеріне және Олимпиадалық резервке дайындау орталықтарына әртүрлі спорт деңгейлеріндегі жарысты ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Серіктестік Алматы қаласы мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қорын қалыптастырылатын дереккөздер тізіміндегі мекеме болып табылады. Дирекция қызметкерлері өндірістік оқуды қорытындылап істер номенклатурасын әзірлеп,қолданысқа енгізеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *