Дәурен Тастанбекұлы Әбіровтың туғанына 100 жыл толуына орай еске алу кеші

Бүгін Алматы қаласы әкімдігі мен Мәдениет басқармасының қолдауымен “Алатау” дәстүрлі өнер театрында ҚазССР-нің Халық әртісі, ҚазССР-нің Еңбек сіңірген өнер қайраткері, өнертану кандидаты, профессор, қазақтың тұңғыш балетмейстері Дәурен Тастанбекұлы Әбіровтың туғанына 100 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Аталған еске алу кешінде Алматы қаласы Мемлекеттік архиві тарапынан архив қорқұрушысы Дәурен Тастанбекұлы Әбіровтың архивтегі мемлекеттік сақтаудағы жеке құжаттары және құнды қолжазбалары мен фотосуреттерінен топтастырылған көрме қойылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *