22 желтоқсан архившілердің кәсіби мерекесі күні

  • 22 желтоқсан архившілердің кәсіби мерекесі күніне орай, «Алматы қаласы мемлекеттік архиві» КММ салтанатты жиналыс өтті. Оған Алматы қаласы Мәдениет басқармасының Мұрағаттар және құжаттама бөлімінің басшысы Мария Оразмұхаметқызы Тұрмұхаметова, бөлім маманы Күлзия Болатбекқызы Берденева қатысып, ұжымды Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Айдарұлы Майлибаевтың атынан құттықтады.
    Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңның қабылданғанына 25 жыл толуына орай, кәсіпқойлығы және жұмысқа деген адалдығы үшін архив қызметкерлеріне марапаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.
    Өзінің кәсіби жетістіктері мен Алматы қаласының архив жүйесіндегі көп жылғы еңбегі үшін Майра Мырзаханқызы Күнешеваға «Архив үздігі» төс белгісі табысталды.
    Архив директоры Абзал Қабдолбаритұлы Ботанов архившілерді төл мерекелерімен құттықтап, архивтің материалдық-техникалық жабдықталуының жаңғыртылып және жақсартылғандығын атап өтіп, өзі басқарып отырған ұжымға еңбекте табыс, өзара түсіністік пен ұйымшылдық пен қаламыздың тарихын сақтауды одан әрі дамытуды тіледі.
    Жиын соңында архив ардагерлері мен қызмет және бөлім басшылары құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.
  • В ознаменование профессионального праздника – Дня архивиста Республики Казахстан в КГУ Государственный архив г. Алматы прошло торжественное собрание коллектива, на котором присутствовали руководитель отдела архивов и документации Управления культуры г. Алматы Турмухаметова Мария Оразмухаметовна, специалист отдела Берденева Кульзия Болатбековна, которые поздравили коллектив от лица руководителя Управления культуры г. Алматы Майлибаева Гани Айдаровича.
    Работникам архива были вручены награды и грамоты за профессионализм и добросовестное отношение к работе в честь 25-летия принятия Закона о Национальном архивном фонде и архивах Республики Казахстан.
    Медаль «Архив үздігі» была вручена Кунешевой Майре Мырзахановне за ее профессиональные успехи и многолетний труд в архивной системе г. Алматы.
    Директор архива Ботанов Абзал Кабдолбаритович поздравил архивистов с праздником, отметил модернизацию и улучшение материально-технического оснащения архива, пожелал успехов в труде, взаимопонимание и сплоченности коллективу, дальнейшего развития в сохранении истории нашего города.
    С инициативными поздравлениями выступили руководители служб, отделов и ветераны архива. Собрание прошло в теплой дружественной обстановке.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *