Михаил Борисович Азовский

Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі, Ұлы Отан соғысының ардагері, «1941 – 1945 жылдардағы ҰОС ерлік еңбегі үшін» медалінің, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің №418 қорқұрушысы Михаил Борисович Азовский туғанынына 115-жыл!

Михаил Борисович Азовский 1909 жылы 13 сәүірде Ростов – на — Дону қаласында Элькиндер отбасында дүниеге келген.
Михаил Борисович Азовский 1927 жылы мектеп пен театр студиясын қатар бітіреді.
Өнер жолындағы алғашқы екі жылын үйірмелерден бастаған Михаил Борисович Азовский 1929 жылы Ростов-на-Дону қаласындағы Луначарский атындағы театрға қабылданады. Армавира, Новочеркасск және Ставрополь қаласындағы сықақшылар театрларында жұмыс істейді. Өте талантты жас актер Михаил Борисович Элькин-Азовский Алматы қаласындағы Лермонтов (бұрынғы «Дружба Народов») Мемлекеттік Академиялық орыс театрына жұмысқа алынады.
Михаил Азовский 1934-1969 жылдар аралығында аталған театрда қызмет етеді. Ол Дремлюг ролін Корнейчуктің «Крылья», Лыняев ролін Островскийдің «Волки и овцы» қойылымында және т.б. көптеген қойылымдарда ойнады. Соғыс жылдарында театр уақытша Шымкент қаласына ауыстырылады. 1942-1944 жылдар арасында театр әртүрлі қойылымдарды әскери бөлімдерде, әскери емханаларда көрсетіп көптеген марапаттарға ие болады. Өз талантын, өнерін көрсеткен Михаил Борисовичті жауынгерлер қошеметпен қарсы алып отырған.

Михаил Борисович театрдағы жұмысымен қатар балалармен де жұмыс жасады. Алматы қаласындағы №28 мектеп, №3 балалар үйі, балаларды еңбекпен түзеу колониясы және ең бастысы пионерлер сарайында балалармен жұмыс жасады. Пионерлер сарайында Михаил Борисович 30 жылдан астам уақыт жұмыс жасады. Михаил Борисовичтің шәкірттері әрқайсы әр жақтан келген 14-15 жас аралығындағы жас таланттар еді. М. Азовскийдің шәкірттері өздерін «Азовцы» деп атады. Олардың арасынан не бір атақты актерлер, педагог, шофер, инженер, журналист, юрист, суретші және т.б. шықты. Солардың араларынан Володя Толоконников — Қазақстанға еңбегі сіңірген артист, Ресей және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Петр Иголинский — Алматы халық шаруашылық институтының кафедра доценті; Надежда Хиль — Москва театры мен киносының актрисасы; Ира Кедрова (Басина) — ғылым докторы, профессор.
Михаил Борисович Азовский 1937-1941 жылдар аралығында өлеңдер жазып отырған. Сол өлеңдерінің бірі «Колыбельная» және тағы басқа осыған ұқсас 22 өлеңі жарық көрген.
М. Азовский «Қазақстанға еңбегі сіңген артист» атағын алды.
Михаил Борисович Элькин-Азовскийдің құжаттары Алматы қаласы Мемлекеттік мұрағатына 2007 жылы 13 сақтау бірлігімен тұрақты сақтауға алынды.
Өмірден өзі кетсе де, өнері өнегесімен жалғасып шәкірттері ұстаз салған іздің жалғастырушылары болып келеді. Михаил Борисович Азовский театр өнер қайраткері біздің қор иегері екенін мақтан тұтамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *