Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев

Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, даңқты композитор, әнші Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиевтың құжаттарын ұлы Біржан Хасанғалиев Алматы қаласы Мемлекеттік архивіне сақтауға өткізді.

Мемлекеттік сақтауға Ескендір Хасанғалиевтың өмірбаяны, жеке құжаттары, қолжазбалары, авторлық кітаптары, марапаттары, дипломдары, алғыс хаттары, ноталық дәптерлері мен клавирлық шығармалары және композитордың шығармашылығы туралы газет-журнал беттерінде шыққан мақалалары мен ой-пікірлері, жеке портреті қабылданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *