16 ЖЕЛТОҚСАН ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ !

Құрметті Қазақстандықтар! Егемен еліміздің ұлық мерекесі — Тәуелсіздік күні құтты болсын! Баршаңызға ашық аспан, шат-шадыман көңіл тілейміз. Әрбір азаматтың қажырлы еңбегінің арқасында сүйікті Отанымыз гүлденіп, көркейе берсін! Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің маңызы қашан да зор болмақ. “Толарсақтан саз кешкен” батыр бабаларымыздың қанымен, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарымен, аналарымыздың көз жасымен жеткен Тәуелсіздікті әрқашан қастерлей білуге тиіспіз. Бұл — біздің азаматтық парызымыз бен борышымыз. Көк байрағымыз бейбіт аспан астында желбіреп тұрсын! Қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгі болсын!
Ел Тәуелсіздігінің 32 жылдығы құтты болсын! Қазақ елі жасай берсін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *