Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР ҰҚК шекара қызметі Академиясы және Алматы қаласы Мемлекеттік архиві бірлескен іс- шара өткізді

Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР ҰҚК шекара қызметі Академиясы және Алматы қаласы Мемлекеттік архиві бірлескен іс- шара өткізді. Шара шекара қызметі Академиясының екі аудиториясында оқытушы офицерлер құрамы мен ғылыми қызметкерлердің қатысуымен өтті. Архив тарапынан архивтің бас қорсақтаушысы Г.А. Құрманжанова, бас сарапшы Л.Қ. Рахипова мен құжаттарды жариялау және ғылыми тұрғыда пайдалану бөлімінің басшысы А.С. Баданбекова Академияның қызметкерлеріне мемлекетіміздің тәуелсіздік алған кезеңінен бастап архивте жинақталған тарихи құнды құжаттардан топтастырылған “Тұғыры биік, еңселі ел” тақырыбында дайындалған тарихи маңызы бар көрме ұсынып, архив қызметі мен архив маңыздылығы жайлы ақпарат берді. Сонымен қатар, болашақта екі мекеменің арасында бірлесіп атқаратын жұмыстар мен іс-шаралар туралы айтылып өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *