Тәжірибе алмасу

Бүгін 31 қаңтарда тәжірибе алмасу мақсатында Жамбыл облысы Қордай ауданының Мемлекеттік архивінің архивисттері Алматы қаласының Мемлекеттік архивіне жұмыс сапарымен келді.
Келген әріптестерге архив бойынша экскурсия және қызметтер мен бөлімдердің жұмысымен танысуды қамтитын жұмыс күнінің бағдарламасы ұсынылды.
Алматы қаласының архив қызметкерлері әріптестерге Жаңғырту түптеу және сақтандыру қорын құру және Цифрландыру бөлімдеріндегі жоғары сапалы заманауи құрылғылар мен жаңа технологиямен жабдықталған зертханамен таныстырды.
Қордай аудандық Мемлекеттік архивінің архивистерінің қызықтырған сұрақтарына ҚР Ұлттық архив қорын жинақтау, Архивтік құжаттарды пайдалану және жариялау қызметтерінің басшылары, Құжаттарды іздестіру бөлімінің басшысы және бас сарапшылар жауап берді.
Архивисттердің жұмыстық кездесуі жылы және достық жағдайда өтіп, болашақта екі мекеменің арасында бірлесіп атқаратын жұмыстар мен іс-шаралар туралы айтылып өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *