Дәурен Әбіровтің туғанына биыл 100 жыл

Алматы қаласының Мелекеттік Архивінің №452 қорқұрушысы, ерлер арасынан шыққан алғашқы балет артисі , талант пен тағылымының, таным мен табандылықтың, еңбек пен ізденістің жемісті айнасы Дәурен Әбіровтің туғанына биыл 100 жыл толып отыр.
Алматы қаласының Мемлекеттік архивінде Әбіров Дәурен Тастанбекұлының қызметіне байланысты құжаттары, өзара жазылған хаттары, өмірбаянына байланысты құжаттары, фотоқұжаттары және де жары А.Исмаилованың құжаттары сақталған.
Әбіров Дәурен Тастанбекұлы ұлттық төлтума хореография өнерінің тұңғыш кәсіби бишісі, балетмейстер, қазақтың ұлттық би өнерінің іргетасын қалаушылардың бірі, Қазақ КСР-на енбек сіңірген өнер қайраткері, өнертану ғылымдарынын кандидаты, Қазақстанның халық артисі, профессор, Абай атындағы Қазақ, мемлекеттік опера және балет театрының бас балетмейстері. Сонымен қатар, Т. Жүргенов атындағы театр және кино институтының кафедра меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалык институтында хореография бөлімінің басшысы, ҰOC ардагері. «Еңбек Қызыл Ту Ордені», «Еңбектегі ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарының иегері және Ұлы Отан соғысының жеңісіне арналған естелік медальдарымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *