ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясы

Бүгін ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясы және Алматы қаласы Мемлекеттік архиві екінші рет бірлескен іс — шара өткізді. Өткізілген іс-шара Академияның 3-4 курс курсанттарын патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында өтті. Курсанттарға Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің қорқұрушысы Мырзахметов Мекемтас Мырзахметұлының қор құжаттарындағы қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы Бауыржан Момышұлы туралы жазған «Бауыржан батыр» поэмасы, «Легендарный батыр» және батырдың қолтаңбасы қойылған кітап көрсетіліп назарларына ұсынылды. Сонымен қатар, Мемлекетіміздің тәуелсіздік алған кезеңінен бастап, архивте жинақталған тарихи құнды құжаттардан топтастырылған “Тұғыры биік, еңселі ел” тақырыбында дайындалған тарихи маңызы бар көрме ұсынылды. Ұйымдастырылған шараның соңында архив қызметкерлері Академия курсанттарына алдағы уақытта сапалы білім алып, тәжірибелі әскери маман болуларына тілектерін білдірді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясының басшысы атынан архивтің бас қорсақтаушысы Г.А. Құрманжанова, бас сарапшы Л.Қ. Рахипова мен құжаттарды жариялау және ғылыми тұрғыда пайдалану бөлімінің басшысы А.С. Баданбековаға алғыс білдіріп, мақтау қағаздары тапсырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *