«Анадолыдан Алматыға»

«Анадолыдан Алматыға»

9-қыркүйек 2023 жылы Алматы қаласының Мемлекеттік архивінде Түрік мемлекетінің құрылғанына 100 жыл. Алматы қаласының Мемлекеттік архивінің қор құрушысы Халифа Алтайдың дүниеден өткеніне 20 жыл толуына орай «Анадолыдан Алматыға дейін» тақырыбында конференция өтті. Конференцияны Алматы қаласы Мәдениет басқармасының архивтер және құжаттама бөлімінің басшысы Тұрмухаметова Мария Оразқызы ашып, Алматы қаласының Мемлекеттік архивінің директоры Ботанов Абзал Қабдолбаритұлы бірлескен іс-шараға қатысушыларға алғыс білдірді.
Тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Клынчкая Мехмет Дервиш- Түрік мемлекетінің құрылу тарихына қатысты баяндама оқып, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Талдыбек Әліұлы- Алтайдан ауған елдің көш тарихы туралы деректермен бөлісті.
Іс-шараға Туркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының Атташе орынбасары Гөнүл Өндер және Туркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының Дін істері жөніндегі Атташелік хатшысы Абдешов Талғат Амангелдіұлы, исламтанушы, «Нұр-Мүбәрәк» Ислам университетінің докторанты-Қабдолда Қуат Солтанбекұлы, «Халифа Алтай Халықаралық қоры» басшысы-Абдурахим Алтай, сонымен қатар ҚазҰПУ аға оқытушысы Мамырбаев Дидар Жетпісұлы әлем тарихы кафедрасының студенттерімен қатысты.
Қор иесінің өмірі мен қызметіне байланысты естеліктер айтылып, «Алатау» дәстүрлі театрының өнерпаздары ән айтып,күй орындады. Мемлекеттік сақтауға алынған құжаттарынан суретті-құжатты көрме қойылды, сондай-ақ архивке келген қонақтар үшін экскурсия ұйымдастырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *