«Архив қорларын жинақтау және мемлекеттік есепке алуды жүргізу»
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Алматы қаласы Мәдениет басқармасымен өзара бірлесіп, Алматы қаласының Мемлекеттік архивінің базасында архив саласына жетекшілік ететін басқармалар, Алматы, Жетісу облыстары мен Алматы қаласының мемлекеттік архивтері, оның ішінде Орталық мемлекеттік архив қызметкерлерінің қатысуымен «Архив қорларын жинақтау және мемлекеттік есепке алуды жүргізу» тақырыбында өңірлік семинары өтті.
Модератор: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті басшысының орынбасары Қарсақбаева Гульзира Елюбайқызы.
Семинар шеңберінде архив ісі және құжаттама саласындағы заңнама нормаларын, нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, архив қорларын сапалы жинақтау мәселесін қарау, Ұлттық архив қорының құрамына құжаттарды жатқызу бойынша өлшемшарттарды қолдану, мемлекеттік есепке алуды жүргізу ерекшеліктерін, оның ішінде «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесінде мәселелерді қаралды.
Күннің екінші жартысында екі секция бойынша тақырыптық алаңдарда архившілерге архивтік құжаттарды жинақтау және есепке алу жөніндегі заңнама нормаларын және нормативтік құқықтық актілердің талаптарын іс жүзінде қолдану бойынша жұмыс тәжірибесімен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті басшысының орынбасары Қарсақбаева Гульзира Елюбайқызы мен Мемлекеттік саясат және құқықтық реттеу басқармасының басшысы Тащанова Салтанат Нұртасқызы бөлісті.