Бүгін Алматы қаласының Мәдениет басқармасының жанындағы Сараптау тексеру комиссиясының кезекті отырысы Алматы қаласы Мемлекеттік архивінде өтті.
Бүгін Алматы қаласы Мемлекеттік архивінде архив директоры А.К.Ботанов пен Түрік Республикасының делегациясының кездесуі өтті. Достық сапарымен келген Түрік Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік архивтер Басқармасының директоры Угур Унал, Түрік Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Эврен Мудеррисоғлы келді. Кездесу барысында екі елдің архивтер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды Түрік елінің тарихи архивінен алуға алғы шарттар жасау жағдайы сөз етілді. Келген қонақтарға Алматы қаласының архиві туралы ақпарат беріліп, архив ғимараты мен құжат қоймаларына экскурсия жасалды.
Болашақтағы мақсат: екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, мүмкін болатын жобаларды бірлесіп жүзеге асыру. Сондай-ақ Қазақстандық архившілерінің біліктілігін арттыру курстарына қатысуға, архив құжаттарын цифрландыру жұмысы бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалу керектігі айтылды.