Жасарал Еңсепов Жақсылықұлы

Күйші, композитор, домбыратанушы, ұстаз домбыра орындаушылардың арасында танымал болған «ДЭККО» жанрының авторы, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі», педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің №491 қорқұрушысы Жасарал Еңсепов Жақсылықұлына 70 – жыл.

Жасарал Еңсепов Жақсылықұлы 1954 жылы 20 қаңтарда Батыс Қазақстан темір жолы, Сексеуіл Бекетінде дүниеге келген.

Мектеп бітіргеннен кейін Ақтөбе қаласындағы мәдени ағарту училищесіне түседі. Жастайынан әкесінен домбыра тартып, терме айтуды үйренген Жасарал Жақсылықұлы ғылым саласын да меңгерген. Қазақ музыкасындағы жаңа жанрдың авторы Жасарал Еңсепов бүгінгі күнге дейін 110-нан астам ән, термелер және 70-ке жуық күй шығарған.

Алматыдағы №115 қазақ орта мектебін өнер ордасына және ДЭККО ағымын компьютермен сөйлетіп, қазақ күйлерін нағыз ұлттық тәрбие құралына айналдырды.
Күйші-ұстаз Жасарал Еңсепов бабалар күйін баласы Асылбекке тапсырды. Асылбек «ат тұяғын тай басқан» әке өнерінің жалғасы екені рас.
Жасарал Еңсепов -әсем ән мен күмбірлеген күйлерін ұрпағына мирас етіп қалдырған біртуар дарын. Бабалар дәстүрін жалғастырушы халық композиторы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *