«Алғыс айту — асыл қасиет»
2024 жылы 29 ақпанда Алматы қаласы Мемлекеттік архивінде 1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай, Қазақстан халық Ассамблеясы және этномәдени бірлестік өкілдеріне архив құжаттарындағы құнды деректерді таныстырып, жария ету мақсатында «Алғыс айту — асыл қасиет» атты дөңгелек үстел өтті.
Алматы қаласының Мемлекеттік архив қорында 28 этномәдени орталықтың тағдырын айқындайтын маңызы зор тарихи құжаттары мемлекеттік сақтауға қабылданған.
Бүгінгі өткен іс-шарада Қазақстанды мекен еткен ұлыстардың құжаттарынан дайындалған көрме және бейнежазба назарларына ұсынылды.
Дөңгелек үстел «Құжаттарды ғылыми пайдалану және жариялау» бөлімінің қызметкерлерімен ұйымдастырылды.
Архив директоры Ботанов Абзал Кабдолбаритович іс-шараны жүргізе отырып, келген қонақтарға — болашақта Ассамблея мен архив арасындағы қарым-қатынас өз жалғасын табады, — деп мәлімдеді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар архив ұжымына ақ жүректен алғыстарын айта отырып, жылы лебіздерін білдірді.