«Сахна суреткері» атты көрме

24 қаңтар 2024 жылы ҚР Мемлекеттік орталық музейіне қарасты атақты композиторлар Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың мемориалды музейінде әйгілі сахна шебері КСРО және КазКСР халық әртісі, Мемлекет сыйлығының иегері, Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің №373 қорқұрушысы Сабира Майқанованың туғанына 110 жыл толуына орай еске алу кеші ұйымдастырылды.
Іс-шараға театр сахнасында бірге рольдерді сомдаған Асанәлі Әшімов, Нүкетай Мышпаева, Рахилям Машурова сияқты театр саңлақтарымен бірге көз көргендер, жазушылар, сондай-ақ Сабира Майқанованың қызы Гүлдара Абдрашитова қатысып, өз естеліктерімен бөлісті.
Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің қор құжаттарынан дайындалған «Сахна суреткері» атты көрмеге Сабира Майқанованың театр сахнасында және кино өнерінде сомдаған рольдері бойынша суреттердің көшірмесі және қолжазбалық жұмыстары, марапаттары, естеліктері, кітаптары қойылды.
Көрмені архивтің бас сақтаушысы Құрманжанова Күлбақыт Айтақынқызы мен бас сарапшы Рахипова Ләйлә Қасымқызы таныстырды.
Іс-шараны ұйымдастырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінің директоры Харипова Рашида Ерімқызына және Жұбановтар музейінің меңгерушісі Бүйеш Рыскүлге үлкен алғыс білдіріп, еңбектеріне табыс тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *