Біліктілікті арттыру курсы
Ағымдағы жылдың 15-26 қаңтар аралығында Алматы қаласының Мемлекеттік архивінің Жаңғырту, түптеу және сақтандыру қорын құру бөлімінің басшысы Садырбаева Динара және бөлім қызметкерлері Елибаев Рүстем, Мурзабаева Айнур Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде оқудан өтіп, біліктілікті арттыру курсын оқығандары туралы сертификаттар алды. Оқу барысында, архив қызметкерлері құжаттарды ғылыми сақтау зертханасында кітапхана қорларын сақтау бойынша теориялық біліммен қатар, құжаттарды биологиялық және физика-химиялық тұрақтандыру бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгерді. Атап айтсақ, pH анықтау, қышқылды бейтараптандыру, құжаттарды консервациялаудың мемлекеттік стандарттарымен, құжаттарды қалпына келтіру және жөндеудің негізгі принциптері бойынша тәжірибе жинады. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапхана басшылығы мен кітапхана ұжымына құжаттамалық мұраны сақтау бағытындағы тәжірибелері мен біліктіліктерімен бөліскендері үшін архив басшылығы өз алғысын білдіреді.