Архивтің көрме залынан «Ата Қазақ» атты бұрышының ашылу салтанаты

Бүгін Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің №758 қор құрушысы, белгілі ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Рафаэль Ниязбектің 80-жылдық мерейтойына арналған архивтің көрме залынан «Ата Қазақ» атты бұрышының ашылу салтанаты өтті.

Арнайы бұрыштың ашылу рәсімін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәдениет қайраткері, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, Кенжехан Матыжанов, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасының атынан Төрағаның орынбасары, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Қалибекұлы, кәсіпкерлер, Сайлау Нурпейсов, Әмір Құлмақанов салтанатты түрде қиып, құттықтау тілектерін білдірді.
Шараның модератор: Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары мектебі Ғылым академиясының академигі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қансейіт Әбдезұлы жүргізді.

Іс-шараға Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері, белгілі ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері, тұлғаның жақындары қатысып, арнайы жасақталған тұрақты экспозицияның ашылуын тамашалады.

Сондай-ақ өзгеге ұқсамас ақындық ерекшеліктері, қайталанбас азаматтық тұлғасы туралы ой толғап, қызықты естеліктерімен бөліскен қонақтар: ҚР Мәдениет қайраткері, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты, ақын, әдебиеттанушы Әділғазы Қайырбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Халықаралық жазушы, ақын, журналист Сәуле Мағазбекқызы Досжан т.б.

Сонымен қатар, «Ата Қазақ» атты бұрышында ақының шығармашылық құжаттары және қолданған жеке тұрмыстық заттары, алғысхаттары, марапаттары, машинкасы, қанжарлары, фотосуреттер, құжаттар, кітаптар мен журналдар қойылды.

Салтанатты шара соңында Р. Ниязбектің жұбайы Гүлжан Мұхамадиеваның өнегелі істі өскелең ұрпаққа үлгі еткен, архив ұжымына алғысын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *