Зеркүл Дүйсекқызы Күдербекова-100 жыл

       Алматы қаласының Мемлекеттік архивінің №263-қор құрушысы Зеркүл Дүйсекқызы Күдербекова «Социалистік Еңбек Ері», Қазақстан Компартиясының ХІ, ХІІ, ХІІІ, ІХ-съездерінің делегаты және «Жетісу» аяқ- киім фирмасының шебері биыл 100 жасқа толды.

       Зеркүл Дүйсекқызы Күдербекова 1922 жылы 7-наурызда дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылып, туысқандарының қолында тәрбиеленген.       4-кластық мектеп білімін алған соң,  наркомат жанындағы шеберлер курсын аяқтаған.1938 жылы 16 жасынан   № 1 Алматы аяқ-киім фабрикасына пішуші болып жұмысқа орналасқан.Еңбек жолын алдымен тігінші,ал 1948 жылдан шебер болып істеді. Белгіленген жұмыс жоспарын 140-150 пайызға артығымен орындап жүрді. Жоғары көрсеткіштері мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін «Социалистік Еңбек Ері», «Коммунистік еңбек озаты» атақтары берілді.1970 жылы «Ерен еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен марапатталды. Срнымен қатар,  осы жылы «Өнеркәсіпке еңбек сіңірген қызметкер» атағы берілді.Еңбек ете жүріп, 500-ден аса шәкірт тәрбиеледі. 1975 жылы фабрика «Жетісу» аяқ киім өндірістік  бірлестігіне айналды. Ал1976 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.Атақты пішуші-шебер КОКП мүшесі болды.Осылайша,  Зеркүл Күдербекова 1938-1986 жж. аралығында еңбек ете жүріп,  жеті баланы өсіріп жеткізді, әрқайсысының жоғары білім алуына жағдай жасады. Өмірінің соңғы  жылдары да,өнегелі болған осы жанға мыңда бір тағзым етуге тұрарлықтай. З.Д.Күдербекованың өмір жолдары қазіргі кездегі ұрпаққа өнеге, тәлім-тәрбие болары сөзсіз. Сондай ақ, адал еңбекпенде  алдыға қойған мақсатқа жетуге, бай-бақуатты тіршілік етуге  болатындығы  туралы қазіргі жастарға өмірлік  бағыт болып саналады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *