“AMANAT” партиясы

13 — ші наурыз күні Алматы қаласы Мемлекеттік архивінде “AMANAT” партиясы Алатау аудандық филиалының жоспарлы семинары өтті. Бұл семинардың мақсаты Партиямен қарым-қатынасты нығайту және партиялық жобалармен алдағы уақытта жұмыс жасау. Семинардың ашылу сөзін “AMANAT” партиясының Алатау аудандық филиалының төрайымы Алдамбергенова Жарқынгүл Алдамбергенқызы ашып берді. Жоспарға сәйкес партияның болашақтағы жоспары талқыланды сонымен қатар атқарылған істер жөнінде Алматы қаласы мәслихатының депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Бекенова Гүлжан Мырзалықызы есеп беріп өтті. Ұзақ жылдар бойы партия мүшелігінде болған архив қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады. Келген қонақтарды архив қоймаларына және көрме залына экскурсия жасалды. Наурыз қарсаңында өте жылы кездесу өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *