«ДҮНИЕНІ ЖАЛТ ҚАРАТСАМ ДЕП ЕДІМ…»

Бүгін Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің №650 қорқұрушысы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, І дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері, «Франц Кафка атындағы Алтын Медаль» Халықаралық сыйлығының, «Жыл Адамы – Алтын Адам» сыйлығының, «Платина Тарлан» сыйлығының, «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты, ақын Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариевтің «ДҮНИЕНІ ЖАЛТ ҚАРАТСАМ ДЕП ЕДІМ…» атты бұрышының ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараны Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Оразбайұлы Қырықбаевтың құттықтау сөзімен ашты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Смағұл Абатұлы, Нұрлан Оразалин Шөмішбай Сариевтің құрметіне ашылған музей бұрышынның тұсауын кесті.

Іс-шара барысында сөзге шыққан ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Сейітханұлы, Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің меңгерушісі Гүлжақан Орда Шөмішбай Сариевтің әдебиет дүниесінде айрықша мұра қалдырғанын айтып, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова ақының сөзіне жазылған әнін орындап, кеш қонақтарын әсем сазбен тербеді.

Мемлекеттік архивке ақын Шөмішбай Сариевтің қолжазбалары, марапаттары, фотоальбомдары, 30-дан астам кітаптары, ордендері, төсбелгілері мен киген киімдері, қолданған жеке заттарын ресми түрде жұбайы Жұмагул Сариева Қаженқызы тапсырды.

Шөмішбай Нағашыбайұлы қазақ поэзиясының көшін алға бастаған қаламгердің бірі болды. Өрелі өлеңдері мен поэмалары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Ұзақ жылғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, халқымыздың рухани байлығын дамытуға мол үлесін қосты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *