25 қазан Республика күні Ұлттық мереке күні
25 қазан Республика күні Ұлттық мереке күні мәртебесіне орай, Алматы қаласының Мемлекеттік архивінде «Жайсаң өлке,жайдары Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға архив қызметкерлері сонымен қатар «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интераты» РММ оқушылары қатысты. Аталған осы мектептің 10 сынып оқушысы Құндыз Серикова Қалқа Жапсарбаевтың әні «Қалқа» әнін орындады және 12 сынып оқушысы Қарақат Амангельдина Ықыластың күйі «Жез киікті» орындады. Сонымен қатар іс-шара барысында Республика тарихының маңыздылығына байланысты бейне-сюжет көрсетілді, қатысқан архив қызметкерлері де өз пікірлерімен алмасып, көзқарастары жайында ой пікірлерімен бөлісті.