Ғұсман Елеуұлы

Сізді Алматы қаласы Мемлекеттік архив ұжымының атынан туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің қор құрушысы №288 ақын,аудармашы, республикалық поэзия конкурсының лауреаты және І. Жансүгіров атындағы әдебиет сыйлығының және КСРО, ҚазКСР Журналистер одағының мүшесі, КСРО Әдебиет қорының мүшесі Жандыбаев Ғұсман Елеуұлының туған күні.

Құрметті Ғұсман Елеуұлы!
Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт пен береке-бірлік, еңбегіңізге жеміс және шығармашылық табыстар тілейміз.

Жандыбаев Ғұсман Елеуұлы Жетісу өңірінен шыққан көрнекті ақындардың бірі. 1944 жылы 25 наурызда Қытай Халық Республикасының Тарбағатай аймағына қарасты Шағантоғай ауданында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1962 жылдан бастап Талдықорған облысы Алакөл ауданының «Коммунизм» кеңшарында еңбек жолын бастаған. 1963-1964 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде қызмет ете жүріп, «Алакөл халық театрының» құрылуына ат салысқан. Аудандағы алғашқы ақындар айтысын ұйымдастырушылардың бірі болды, әрі өзі де қатысып, жүлделі орындарды иеленеді. Осыдан бастап облыс деңгейіндегі мәдени шараларға белсене араласа отырып, мәдениет қызметкерлерінің республикалық кеңесіне делегат болып қатысып жүрді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *